«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сәтсіз сапар
Қайрат

Сәтсіз сапар

13 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» Қостанайда минималды есеппен ұтылды.

«Тобыл» - «Қайрат» - 1:0 

Голдар: Нөсербаев, 89

«Тобыл»: Дмитро Непогодов (Қ), Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Фернандер Кассай, Ванче Шиков, Аслан Дарабаев (Нөсербаев, 81), Виктор Дмитренко, Дмитрий Мирошниченко, Азат Нұрғалиев (К), Бауыржан Тұрысбек, Максим Федин 

Қосалқы құрам: Дмитрий Загвосткин, Вячеслав Котляр, Ника Квеквескири, Сұлтан Әбілғазы, Тимур Жақыпов, Самат Жарынбетов, Нұрбол Жұмасқалиев, Жасұлан Молдақараев

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Шелдон Бато, Станислав Лунин, Хуан Фелипе, Исламбек Қуат, Иво Иличевич (Швырев, 84), Исаэль Барбоза, Бауыржан Исламхан (К) (Әбікен, 78), Уго Сильвейра (70, Аршавин) 

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Георгий Жуков, Александр Соколенко, Магомед Парагульгов.

Премьер-лига оныншы турының орталық матчы Қазақстанның солтүстігінде өтті. Бүгін командалар таблодағы жалғыз голға қарамастан жоғары деңгейлі футбол көрсетті. Матчтың алғашқы минуттары туралы айтар болсақ, «Қайрат» басымдыққа ие болды.

Алғашқы мүмкіндікті Иво Иличнвич ұйымдастырды. Исаэльдің бұрыштан әуелеткен добы хорват футболшысының аяғына келген, алайда жартылай қорғаушы биікке тепті. 17-минутта Станислав Лунин Уго Сильвейраға пас қалдырған, соңғысының соққысын қақпашы Непогодов қолына ұстай алды.

Бірінші таймның соңына таман «Тобыл» да өз футболын көрсете бастады: Бауыржан Тұрысбек матчта есеп ашуға мүмкіндік алған, шамамен, он бірден соққы жасаған еді, бірақ доп жақын бағананың қасынан өтті.

Матчтың екінші таймында алаң иелері «Қайратқа» қысым жасауын жалғастырды. Фернандер Кассай айып соққысынан асырылған допты Покатилов қақпасына жіберген – доп маңдайшаға тиді. Екі минуттан соң «Тобыл» «Қайрат» қақпасынан саңлау тапты. Бірақ алаң жиегіндегі төреші жалаушасын көтеріп, бұл гол есептелген жоқ.

Матч есебі соңғы минуттарда өзгерді: Таңат Нөсербаев қарымта шабуыл кезінде гол соқты – 1:0. Нәтижесінде, «Қайрат» Қостанайда алаң иелеріне минималды есеппен жол берді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»