Бүгін «Қайрат» негізгі командасының дене дайындығы бапкері Артём Савельев 33 жасқа толды.
Артём — жеңіл атлетикадан спорт шебері. Ол осы спорт түрімен 15 жыл айналысып, барлық спринтерлік қашықтықта табысты өнер көрсетті.
2017 жылдан бастап ол «Қайрат» жүйесінде жұмыс істейді. Ең алдымен клуб Академиясында 13-тен 17 жасқа дейінгі футболшылардың жалпы дене дайындығымен айналысты. Бір жылдан кейін «Қайрат-Жастар» командасына дене дайындығы бапкері болып ауысты.
2019 жылдан бері Артём негізгі команданың бапкерлер штабының құрамында. Ол жаттығулар алдындағы қыздыру, денені дайындау, жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және ойыншылардың маусым бойы оптималды физикалық формасын сақтауға жауап береді.
Артёмді шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, отбасына амандық және команданың әрдайым бабында болуын тілейміз!