«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Рубин» ФК: қарсыласты таныстыру
Қайрат

«Рубин» ФК: қарсыласты таныстыру

19 февраля 2020
/ 12:00

«Қайраттың» баспасөз қызметі  Түркиядағы оқу-жаттығу жиындағы команданың бақылау матчтарында кездесетін қарсыластар туралы материалдар топтамасын аяқтайды. Түркиядағы қорытынды оқу-жаттығу жиынындаға «Қайраттың»  төртінші қарсыласы Татарстан астанасының «Рубин» ФК болмақ.

«Рубин» футбол клубы 1958 жылы Қазан қаласындағы  бірнеше қалалық командалар біріккен кезде пайда болды. № 22 Горбунов атындағы авиациялық зауыттың ойыншылары клубтың негізгі командасын құрады. Команда КСРО чемпионатындағы бірінші ойынын 1958 жылдың 20 сәуірінде өткізді.

Ресей чемпионатында да, КСРО чемпионаттарында да «Рубин» жарқыраған ойын көрсеткен жоқ. Курбан Бердыевдің клубқа келуі барлығын өзгертті. 60 жылдық тарихы бар клубтың ең табысты жылдары осы бапкермен байланысты. 2003 жылы «Рубин»  Премьер-лигада дебют жасап, қола медальға қол жеткізді. 2008 жылы «Рубин» өзінің 50 жылдық мерейтойына орай бірінші рет ел чемпионы атанып және де осыны бір маусымнан кейін қайта қайталады. Сондай-ақ, Бердыевтің басшылығымен казандықтар Ресей Кубогын жеңіп, РФ Суперкубогында екі рет жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Ресейдің екі дүркін чемпионының бапкері – Леонид Слуцкий.  Ресейдің еңбек сіңірген бапкері  ЦСКА клубымен жұмыс істеуі бойынша танымал болды. Ол үш рет ЦСКА-ны чемпиондық титулға алып келді, мәскеуліктермен Кубок пен Ресейдің екі Суперкубогын жеңіп алды. Слуцкий үш рет РФС нұсқасы бойынша «Жыл бапкері» деп танылды.

Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, «Рубин» ФК құрамы 52,9 миллион еуроға бағаланады. Қазан клубының ең қымбат ойыншысы – форвард  Иван Игнатьев. Transfermarkt мәліметтері бойынша, оның трансферлік құны – 7,5 миллион еуро. Жас форвард биылғы жылдың қаңтар айында «Рубинге» «Краснодар» командасынан ауысты.

«Қайраттың» «Рубин» футбол клубына қарсы жолдастық кездесуі Алматы уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған. Ойынның тікелей көрсетілімі клубтың ресми YouTube арнасында қолжетімді болады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»