«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Роман Григорчук: «Еңбегіміздің жемісін көргенімізге қуаныштымыз»
Қайрат

Роман Григорчук: «Еңбегіміздің жемісін көргенімізге қуаныштымыз»

03 марта 2019
/ 00:00

Роман Григорчук, «Астананың» бас бапкері:

- Бәріміз қуаныштымыз. Бүгін жасаған еңбегіміз жемісін көрегенімізге қуаныштымын. Енді бабымызға келіп, чемпионаттың алғашқы турына дайындаламыз.

- Қарсыластың қандай ойын өрнегін оқу-жаттығу жиынында зерттеп шықтыңыздар ма? Әлде өз ойындарыңызға баса назар аудардыңыздар ма?

- Қарсылас туралы көп ақпарат жинақтауға тырыстық. Алайда, «Қайрат» оқу-жаттығу жиындарында әртүрлі құраммен ойнағандықтан нақты шешім шығару қиынға түсті. Ең алдымен допқа жиі иелік етуге ұмтылдық.

- «Астана» жаңа маусымда өз алдына қандай мақсаттар қояды?

- «Астана» - жеңіске жетіп үйренген клуб. Біздің клубтың жеңіске жету дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан ештеңе өзгерген жоқ. Команда қатарынан кейбір ойыншылар кетті. «Астана» футбол клубы әрдайым жоғары жетістіктерге ұмтылады. Алдағы жылдарда да дәл солай болады деген сенімдемін.

- «Қайрат» соңғы жылдардағы «Астананың» басты бәсекелесі. Қалай ойлайсыз, биыл алматылық клуб чемпиондыққа талас жолында сіздерге қарсылық таныта ала ма?

- «Қайрат» құрамына жақсы ойыншыларды жинақтаған. Оларды жеңу кез-келген қарсыласқа оңай емес.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»