Матчтан кейінгі баспасөз конференциясы аясында «Астана» бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы және де командасының чемпиондыққа мүмкіндігі туралы өз ойымен бөлісті.
- Бізге мүмкіндік туралы ойлаудың қажеті жоқ. Кейде сен біреулерге тәуелді боласың, саған тағы біреулердің ұпайларды жоғалтқаны керек. Қазір бізде барлығы өз қолымызда-бұл ең бастысы. Біз өзіміз барлығын ұтсақ, сол кезде барлығы жақсы болады.
- Сіздің әріптесіңіз Алексей Шпилевский «Қайрат» бірінші таймда «Астананы» барлық жағынан басып озды деп айтты?
- Біз екі таймда да мықты ойнадық. Әр адамның қандай да бір жағдайға өз пікірі бар.