«Қайрат» және «Виктория» Пльзень клубтары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді.
• Жасы: 24-те
• Позициясы: шабуылшы, вингер
• Бойы: 180 см
• Салмағы: 74 келі
Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатынан шыққан, осы аттас клубтың түлегі. Кәсіби мансабын «Гремиода» бастаған, кейін «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) және «Маритиму» (Португалия) клубтарында ойнады.
2023 жылдың басында болгариялық «Левскиге» ауысып, команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол 56 матчта 20 гол және 8 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы жазда чехиялық «Виктория» Пльзеньмен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.
2025 жылдың алғашқы жартысында израильдік «Маккаби» Хайфада 11 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Сары-қара отбасымызға қош келдің, Рикардиньо!