«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Ян Вороговский «Беерсхот» клубымен келісімшартқа отырды
Қайрат

Ресми: Ян Вороговский «Беерсхот» клубымен келісімшартқа отырды

29 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы мен бельгиялық «Беерсхотмен» Ян Вороговскийдің трансфері туралы мәміле жасасты.

Талантты ойыншы, алматылық клубтың тәрбиеленушісі «Қайрат» қатарына 2016 жылдың қаңтары айында қосылды. Үш жарым жылда өзін жақсы қырынан көрсеткен Вороговский клубпен бірге Екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын иеленген. болды. «Сары-қарала» сапында сәтті ойынымен көзге түскен ол Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ұлттық құрамада 4 матч өткізді. Шотландиямен матчта Еуро-2020 іріктеу кезеңінде гол соқты.

«Беерсхот» клубы - Бельгияның 12 дүркін чемпионы және ел Кубогының екі дүркін жеңімпазы. Келесі жылы аталмыш клуб Бельгияның жоғары дивизионында ойнайтын болады.  

«Қайраттың» үлкен отбасы Янға бірлесіп істеген жұмысына алғыс айта отырып, Еуропа чемпионатындағы белді клубындағы мансабында тек сәттіліктер тілейді! 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»