«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Раде Дугалич – «Қайраттың» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Раде Дугалич – «Қайраттың» ойыншысы

19 января 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы сербиялық қорғаушы Раде Дугаличпен келісімшартқа отырды.

Раде Сербиядағы Белградтың оңтүстік-шығысында орналасқан Ниш қаласындағы «Раднички» футбол клубының түлегі саналады.

Дугаличтің кәсіби дебюті 2010 жылы «Раднички» сапында өтті.

Артынша ойыншының мансабы босниялық «Олимпик», сондай-ақ, сербиялық «Радник»,  «Цар Константин» және «Синджелич» клубтарында жалғасты.

2014 жылы еревандық «Улисс» футбол клубына ауысты. Бұл командада алғашқы голын Армениядағы атақты футбол клубтарының бірі «Арарат» қақпасына соқты. «Улисс» сапында серб 26 ойынға қатысып, 2 голдың авторы атанды.

Келесі жылы Дугалич Ресейге аттанып, армавирлік «Торпедо» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл клуб сапында 32 матч өткізіп, маусым барысында бірнеше рет капитандық міндет атқарды.        

Раде 2016 жылы ресейлік Ленинград обылысының «Тосно» футбол клубымен үш жылдық келісімшартқа отырды. Дугалич бірінші маусымда ол клубтың Премьер-лигаға шығуына үлес қосып, негізгі құрамның тұрақты ойыншысы атанды. Маусым аяғында «Тосно» клубына Ресей кубогын жеңуге көмектесті. Жалпы алғанда, ол клуб сапында 26 ойын өткізіп, 4 гол соқты.

«Қайратпен» келісімшартқа отырмас бұрын қорғаушы «Енисей» сапында өнер көрсетті, бұл клуб былтыр алғаш рет Ресей Премьер-лигасына шыққан болатын. Красноярскілік клуб сапында ол 10 ойын өткізіп, бір рет қанжығасын майлады.

Қорғаныстағы сауатты ойынынан бөлек, Раде өзіне сеніп тапсырылған позицияда ғана ойнамай, шабуылға да белсенді араласып тұрады.

«Қайрат» ФК мен Раде Дугалич арасындағы еңбек келісімі екі жылға жасалды.

Туған күні: 5 қараша 1992

Бойы: 194 см

Салмағы: 92 кг

Позициясы: қорғаушы

Азаматтығы: Сербия

«Қайратқа» қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»