«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Небойша Косович - «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Небойша Косович - «Қайрат» ойыншысы

02 апреля 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косовичпен келісімшартқа отырды.

Косович Никшич қаласында туған. Футболмен бес жасынан айналыса бастады. Жас футболшының алғашқы клубы Нови-Сад қаласының «Войводина» клубы болды. Бұл клуб сапында жартылай қорғаушы 2014 жылға дейін ойнады. «Войводина» құрамындағы дебютін 16 жасында өткізген. Сол жақта жартылай қорғаушы өзінің алғашқы жүлдесін жеңіп алды – 2013/14 жылғы маусымда ол командасына Сербия кубогын ұтып алуға көмектесті.

2014 жылы Небойша «Стандарттан» ұсыныс алды, алайда «Уйпешт» клубына жалға берілді. Венгриялық ұжым сапында ол 31 матч өткізіп, 2 гол соқты, сондай-ақ кезекті жүлдесін еншіледі. «Уйпешт» Венгрия кубогын иеленді.

Косович соңғы төрт жылын сербиялық атақты «Партизан» сапында өткізді. Белградтық клубпен бірге Небойша бірнеше рет титул алды. 2016/17 жылғы маусымда ол Сербия чемпионы атанды. Сонымен қатар, клубпен бірге үш рет ел Кубогында топ жарған.

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Зинедин Зиданды пір тұтады. Аңызға айналған жартылай қорғаушының ойынына Небойша Косович бірден ғашық болған.

«Войводина» мен «Партизан» сапында Косович еурокубоктық матчтарда ойнады. Чемпиондар лигасында төрт кездесуге қатысса, Еуропа лигасында алаңға тоғыз рет шыққан.

Небойшамен келісімшарт 2 жылға жасалды.

Туған күні: 24 ақпан 1995 жыл.

Бойы: 178 см.

Салмағы: 70 кг.

Позициясы: жартылай қорғау.

Азаматтығы: Черногория

«Қайрат» отбасына қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»