«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Нұрлан Даиров 2019 жылғы маусымды көкшетаулық «Оқжетпесте» өткізеді.
Жоғарыда аталған футбол клубы ойыншыны бұған дейін де жалдап алған болатын. Алдыңғы екі маусымда Нұрлан көкшетаулық команданың сапында жалда өнер көрсеткен еді.
Айта кетерлігі, 2018 жылы Қазақстан кубогында Даиров «Оқжетпес» сапында төрт голдың авторы атанды.
Ойыншының алматылық командадағы мансабы алты жыл бұрын «Қайрат-Ж» құрамында басталды. 2013 жылы ол алматылықтардың фарм-клубында 11 ресми матчқа қатысты. Кейінгі екі маусымда да Даиров «Қайраттың» жастар командасында ойнап, 48 ойында алаңға шықты.
Естеріңізге салсақ, Премьер-лигада Нұрлан Даиров «Қайрат» сапында 2016 жылы дебютін өткізді. Ойыншы алматылық команданың негізгі құрамындағы алғашқы матчы шымкенттік «Ордабасыға» қарсы болды.
«Қайраттың» ұжымы хавбекке жемісті жұмыс пен нәтижелі маусым тілейді!