«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Конрад Вржещиньский – «Қайраттың» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Конрад Вржещиньский – «Қайраттың» ойыншысы

22 января 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы польшалық жартылай қорғаушы Конрад Вржешиньскиймен келісімшартқа отырды.

Конрад Вржешиньский Сокулки қаласының «Сокул» футбол клубында тәрбиеленген. Ойыншының кәсіби мансабы варшавалық «Полонияда» басталды. 2012/2013 жылғы маусымда Польшаның екі дүркін чемпионы сапында ойнайтын жартылай қорғаушы «Экстракласта» (Польшаның жоғарғы дивизионы) үш матч өткізді.

Артынша Конрад Польшаның үшінші дивизионында өнер көрсететін люблинскілік «Мотордың» жейдесін киді. Бұл команда сапында жылдам, қапталдағы шабуылдарымен көзге түскен ойыншы 27 матч өткізіп, 5 гол соқты.

2014/15 жылғы маусымды Конрад Лодзь қаласының «Видзев» клубында өткізіп, екінші лигада 31 матчқа алаңға шықты, екі ойында гол соққан. Осы кезеңде футболшы Польша жастар құрамасына шақырту алды.

Келесі екі жылын Конрад Сиедлице қаласындағы «Погонь» клубында өткізді. Ақ-көгілдір түстілер құрамында Конрад Польша екінші лигасында 59 матчта алаңға шықты. Шабуылға жиі араласатын хавбек 8 гол соға алды.

«Қайратқа» ауыспас бұрын шабуылдаушы жартылай қорғаушы Сосновец қаласының «Заглембе» командасында ойнаған. Бұл клубтағы алғашқы маусымында Вржешиньский 33 матчқа қатысып, өз командасына Польшаның бірінші дивизионына көтерілуге көмектесті. «Заглембе» сапындағы екінші маусымында Конрад «Экстракласс» лигасында ең жылдам жүгіру бойынша рекорд орнатты.

«Қайраттың» жаңа ойыншысының жылдамдығы сағатына 34.38 шақырымды құрады!

Әзірше бұл көрсеткіштен «Экстракласс» лигасында ешкім озған жоқ. Өз амлуасындағы жоғары деңгейлі футболшылар арасынан Конрад «Манчестер Ситиде» ойнайтын Лерой Сане мен «Челсидің» көшбасшысы Эден Азарды еректе атап өтті.

 

Туған күні: 10 қыркүйек 1993 ж.

Бойы: 177 см

Салмағы: 65 кг

Позициясы: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Польша

Алматылық «Қайратпен» келісімшарт 2 жылға жасалған.

«Қайратқа» қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»