«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Хуан Фелипе – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Хуан Фелипе – «Қайрат» ойыншысы

30 марта 2018
/ 00:00

Ойыншымен келісімшарт 1+1 жүйесімен жасалды.

«Қайрат» футбол клубы бразилиялық ойыншы Хуан Фелипемен еңбек келісіміне отырды. Ойыншының толық есімі – Хуан Фелипе Алвес Рибейро. Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Соңғы клубы македониялық «Вардар» футбол клубы болды.

Жуан футболмен бразилиялық «Сантоста» айналысып бастаған. Ойыншының алғашқы кәсіпқой клубы бразилиялық «Саунту-Андре» командасы болды. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы «Ред Булл Бразил» және «Сао Карлос» секілді бразилиялық клубтар сапында ойнаған.

Ойыншының мансабында боливиялық чемпионат та болған – ол «Ориенте Петролеро» командасында өнер көрсетті. 2014 жылы Фелипе еуропалық чемпионатқа ауысты. Бір маусым бойы ойыншы софиялық ЦСКА сапында өнер көрсетіп, үш гол соқты.

Оның соңғы клубы македониялық «Вардар» болған. Оның құрамында 2017 жылы ойыншы Еуропа лигасының топтық кезеңінде алты матч өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды. Чемпионатта 23 матчқа қатысып, 7 гол соққан және алты рет командаластарына нәтижелі пас берді.

Хуан Фелипе Алвес Рибейро

Позициясы: жартылай қорғаушы

Туған күні: 05.12.1987 ж (30 жаста)

Бойы: 175 см

Салмағы: 65 кг

Негізгі аяғы: солақай

Азаматтығы: Бразилия

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»