«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Хан Чжон Ву – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Хан Чжон Ву – «Қайрат» ойыншысы

26 января 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы оңтүстіккореялық жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды.

Сауль қаласының тумасы футболмен 9 жасынан бастап айналыса бастаған. 2014-2016 жылдары Хан Чжон Ву «Йонгвун» командасында өнер көрсетті. Былтырғы маусымда шабуылдаушы хавбек «Сунгсиль» футбол клубының намысын қорғаған.

Хан Чжон Ву сол аяқпен жасайтын жойқын соққыларымен танымал, ол екі аяғымен де доппен ойнай алады. Ол бірнеше позицияда ойнауға қауқарлы: сол қапталдағы вингер, орталық жартылай қорғаушы, сондай-ақ, оң қапталдағы вингер.

2016 жылы универсал Оңтүстік Корея жасөспірімдер құрамасының (U-18) көзіне түсіп, Хан бұл командада екі ойынға қатысты. Екі кездесуде де ол англиялық жасөспірімдерге қарсы ойнады.

Қазіргі таңда «Қайраттың» жас ойыншысы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін үлкен мүмкіндікке ие. Хан Чжон Ву өнер көрсететін оңтүстіккореялық олимпиадашылар 2020 жылғы Олимпиалаға берілетін жолдаманың басты фавориттерінің бірі саналады.

Туған күні: 26 желтоқсан 1998 ж.

Бойы: 172 см.

Салмағы: 65 кг.


Позициясы: жартылай қорғаушы


Азаматтығы: Оңтүстік Корея

Хан Чжон Вумен келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалды. Осылайша, кореялық ойыншы «Қайрат» сапында қатарынан екі маусым өнер көрсетіп, кейін еңбек келісімін тағы бір жылға соза алады.

«Қайратқа» қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»