«Қайрат» футбол клубы Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкуловпен еңбек шартын жасасты.
Гүлжигит Бішкекте дүниеге келген. Футболмен «Дордой» клубының мектебінде айналыса бастаған. Онда дарынды ойыншы 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін өнер көрсетті.
2017 жылдың ақпан айында жартылай қорғаушы «Антальяспорға» ауысып, клубтың жастар құрамында ойнады. 2018 жылы Алыкулов елге оралып, чемпионаттың бірінші жартысында «Қара-Балта» клубы үшін ойнап, клуб құрамында Жоғарғы лигада дебют жасады және де Кырғызстан астанасының «Алга» командасында ойнаған. Қырғызстан Премьер-лигасының 2018 жылғы маусымында Алыкулов 28 ойын ойнап, 7 гол соғып, 9 голдық пас берді.
Алыкулов 2019 жылдың қысқы трансферлік кезеңінде «Неманға» қосылды. Гродно клубы үшін ол 24 матч ойнап, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Өткен маусымда Алыкулов «Неманның» үздік футболшысы болып танылды, Қырғызстанның ең беделді БАҚ «Супер Инфо» нұсқасы бойынша «2019 жылдың Суперфутболшысы» сыйлығын алды. Сондай-ақ, Қырғызстан футбол Федерациясының мәліметінше ол 2019 жылдың ең үздік ойыншысы атанды.
«Қайрат» ФК-ның Гулжигит Алыкуловпен келісімшартына 2+1 сызбасы бойынша қол қойылды.
Туған жылы: 25 қараша 2000 ж.
Бойы: 169 см.
Салмағы: 60 кг.
Позициясы: Жартылай қорғаушы.
Азаматтығы: Қырғызстан.
«Қайрат» командасына қош келдіңіз!