«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Еркебұлан Сейдахмет – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Еркебұлан Сейдахмет – «Қайрат» ойыншысы

25 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен келісімшартқа отырды.

Еркебұлан Тараз футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Сейдахмет мансабын 2017 жылы «Тараз»сапында бастады. 1 сәуір күні ол «Тобылмен» болған матчта алғаш рет алаңға шықты. Сол маусымда қазақстандық Премьер-лигада ол 15 матч өткізіп, «Ертіс» қақпасына бір гол соқты.

Жанкүйерлер арасында Еркош деген лақап атқа ие болған футболшы, 2018 жылдың ақпан айында «Уфа» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Наурыз айында шабуылшы «Анжи» командасына қарсы ойында жаңа клуб құрамындағы бірінші ойынын өткізді. Бір жылдан кейін, 2019 жылдың ақпан айында Еркебұлан «Левски» клубына жалға ауысты.

Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы сапында тұңғыш рет жасыл алаңға 2019 жылдың 15 наурызында «Вереиге» қарсы ойында шықты. Нәтижесінде Сейдахмет «Левски» командасымен Болгария чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Сайдахмет Қазақстан құрамасының ең жас футболшысы атанды. Ол Венгрия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде көзге түсті. Матч күні оған 18 жыл, бір ай және 19 күн толды.

«Қайрат» ФК-мен Еркебұлан Сейдахмет келісім-шарты үш жылға есептелген. Командада ол оныншы нөмірде өнер көрсетеді.

Туған жылы: 2000 жылғы 4 ақпан

Бойы: 178 см

Салмағы: 62 кг

Орын: шабуылшы

Азаматтығы: Қазақстан

«Қайрат» командасына қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»