«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Дино Миканович – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Дино Миканович – «Қайрат» ойыншысы

19 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы хорватиялық қорғаушы Дино Микановичпен келісімшартқа отырды.

Миканович Нова-Градишка қаласында туған. Футболмен 7 жасында айналыса бастады. Жас футболшының алғашқы клубы «Младост Церник» болды, бұл команданың намысын Дино 2009 жылға дейін қорғады.

2009 жылы Дино «Осиек» клубына ауысты. «Ақ-көгілдір» клубтың сапында 3 жыл өткізді. Кейін талантты қорғаушы «Хайдук» скауттарының көзіне түсіп, осы командаға шақырту алды. Миканович сплиттік клубтың ұсынысын қабыл алды. Басында ол Хорватиядағы атақты клубтардың бірі саналатын команданың жастар құрамында ойнады. Кейін негізгі командаға ауысты. Дино «Хайдуктың» негізгі командасында өткізген екі жылында ел чемпионатының екі қола медалін иеленіп, Хорватия кубогын жеңіп алды. Жылдамдығымен көзге түсіп, шабуылда да, қорғаныста та ойнай алатын Миканович 16-дан 22 жасына дейін Хорватияның түрлі жастағы құрамаларында өнер көрсетті.

2015 жылы жазда оң қапталдағы қорғаушы даниялық «Орхуске» ауысты. Қала аттас клуб Миканович үшін 400 мың еуро төледі. Алғашқы маусымында-ақ Дино өз командасына Дания кубогының финалына дейін жетуге көмектесті, бірақ «Орхус» ақтық ойында «Копенгагеннен» жеңіліп қалды. Дино даниялықтар сапындағы 3,5 жылда жүзден астам ойынға қатысып, «команданың үздік қорғаушысы» атанды.

Туған күні: 7 мамыр 1994 ж.

Бойы: 174 см.


Салмағы: 71 кг.


Позициясы: қорғаушы


Азаматтығы: Хорватия

Диномен келісімшарт 2 жылға жоспарланған.

«Қайратқа» қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»