«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Давид Лория – «Қайрат» ойыншысы
Клуб жаңалықтары

Ресми: Давид Лория – «Қайрат» ойыншысы

24 августа 2018
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы қазақстандық қақпашы Давид Лориямен келісімшартқа отырды.

Қазақстандық жанкүйерлерге Давид Лорияны таныстырудың керегі де жоқ. Оның ойыншылық мансабы өте бай, Лорияны қазақстандық футболдағы аңызға айналған ойыншылар қатарына қосуға болады.

Давид өз мансабында Түркия, Ресей, Аустралия және Швеция чемпионаттарында өнер көрсеткен. 2012 жылы голкипер түркиялық «Ризерспорға» Суперлигаға шығуға көмектесті. 33 матч өткізіп, сол маусымның қорытындысы бойынша үз позициясында Бірінші дивизионның үздігі атанды.

Түркиядағы мансабынан соң 2013 жылы Лория алматылық «Қайрат» сапына ауысты. Сары-қаралар сапында бір маусым өнер көрсеткен соң, ол Түркияға оралып, «Каршияка» клубының намысын қорғады.

Одан бөлек, қазақстандық қақпашы ЦСКА (Мәскеу) клубының жастар командасында, сонымен қатар, «Спартак-Нальчик» сапында ойнады. Давидтің жетістіктері тізіміне Қазақстан чемпионатының алтын, күміс және қола медальдары кіреді, Түркия Бірінші лигасының вице-чемпионы, Қазақстан кубогының екі дүркін иегері.

Алматылық «Қайратпен» бірге 2013 жылы Премьер-лиганың қола медалін ұтып алды. 2006 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған. Соңғы 18 жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы саналады. Давидтің соңғы клубы шымкенттік «Ордабасы» болды, оның сапында 3 матч өткізді.

«Қайрат» футбол клубымен келісімшарт еркін агент ретінде осы маусымның соңына дейін жасалды.

 

Туған күні: 31.10.1981 ж. 

Бойы: 186 см.

Салмағы: 80 кг.

Позициясы: қақпашы

Азаматтығы: Қазақстан

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»