«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: «Қайраттан» үш ойыншы кетті
Клуб жаңалықтары

Ресми: «Қайраттан» үш ойыншы кетті

30 декабря 2018
/ 00:00

«Қайраттың» ресми сайты Иво Иличевич, Акош Элек пен Хуан Фелипе алматылық клубтан кеткенін хабарлайды.

31 желтоқсанда «Қайрат» футбол клубы мен үш ойыншы арасындағы еңбек келісімі аяқталды: Иво Иличевич, Акош Элек пен Хуан Фелипе клубтан кетті.

Хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевич «Қайратқа» 2017 жылдың қаңтарында қосылған болатын, 41 матчқа қатысып, 15 гол 8 нәтижелі пастың авторы атанды. Акош Элек 2017 жылдың наурызында «Қайрат» сапына ауысты: 63 матчта алаңға шығып, 3 нәтижелі пас берді. Хуан Фелипе «сары-қаралар» құрамына биыл наурызда қосылған, «Қайрат» сапында 30 матчқа қатысып, 3 рет нәтижелі пас авторы болды.

«Қайрат» футбол клубы ойыншылардың бәрі де атқарған жұмыстары үшін ағыс айтып, мансаптарында сәттілік тілейді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»