«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Абат Аймбетов – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Абат Аймбетов – «Қайрат» ойыншысы

27 января 2020
/ 12:00

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан құрамасының форварды Абат Аймбетовпен келісімшарт жасасты.

Қызыл-ордада дүниеге келген Аймбетов «Ақтөбе» футбол мектебінің тәрбиеленушісі. 2012 жылдың күзінде дәл осы «қызыл-ақтардың» құрамында Абат кәсіби мансабын «Атырауға» қарсы матчта дебют жасап бастады.

Аталған клуб құрамында Абат 2013 жылы ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, батыс қазақстандық команда үшін Айымбетовтың голы чемпиондық болды. «Ақтөбе» футболкасында форвард Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында дебют жасады. Барлығы клуб үшін 123 матч өткізіп, 25 гол соқты.

Өткен жылы шабуылшы Қазақстанның ұлттық құрамасында дебют жасады. Қазір Абаттың еншісінде еліміздің бас командасы үшін алты ойын бар.

Өткен маусымда Абат Премьер-Лигада 29 матч ойнап, 16 гол соқты.

«Қайрат» ФК-ның Абат Аймбетовпен келісімшартына 1+1 сызбасы бойынша қол қойылды.

Туған жылы: 7 тамыз 1995

Бойы: 184 см.

Салмағы: 74 кг.

Позиция: Шабуылшы.

Азаматтығы: Қазақстан.

«Қайрат» командасына қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»