«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рашид Люхай: «Команданың бар ойы Қазақстан кубогының финалында»
Қайрат

Рашид Люхай: «Команданың бар ойы Қазақстан кубогының финалында»

01 ноября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Рашид Люхай – «Қызыл-Жар СК» командасымен матч, Қазақстан кубогының финалы және Андрей Карповичтің жаттықтыруымен ойын жайында.

- Рашид, «Қызыл-Жар СК» командасына қарсы матч нәтижесі біз үшін көңілге қонымды деуге келмес. Командаға екінші голды соғып, Петропавлдан үш ұпай алып қайту үшін не жетіспеді деп ойлайсың?

- Шабуылды аяқтау кезінде шеберлік жетіспеді деп ойлаймын. Оның үстіне, ауа-райы жағдайы да жақсы футбол көрсетуге мүмкіндік бермеді.

- Премьер-лигада негізгі команда сапында дебютіңді өткіздің. Қандай әсер алдың?

- Тамаша әсердемін, бұл сәтті ұзақ күткен едім. Әрине, дебютім өз алаңымызда өтпегені өкінішті.

- Команданы қазіргі таңда Андрей Карпович жаттықтырып жүр, оның қол астында ойнау қалай екен? Бапкерлік штабта Александр Шатскихтың болуы бейімделуге көмектесіп жатыр ма?

- Әрине, ең алдымен бапкерлерге маған сенім артқаны үшін, мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. Андрей Владимировичтің қол астында ойнау керемет. Ол барлық жаттықтырушылар сияқты әр ойыншының мүмкіндіктерін барынша пайдалануға тырысады.

Әрине, Александр Анатольевичтің штабта болуы бейімделуіме көмектесіп жатыр.

- Қазақстан кубогының финалы – «Қайрат» үшін маусымның соңғы бөлігіндегі маңызды ойын. Бұл туралы қандай әсердесің?

- Қазіргі уақытта команданың бар ойы Қазақстан кубогының финалында. Біз жақсы ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді. Біздің барлық күш-жігеріміз соған бағытталған.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»