«Қайраттың» қорғаушысы Рамазан Оразов «Атырауға» қарсы кездесуі туралы өзінің пікірін білдірді.
- Құттықтаймын! «Атырауға» қарсы бесінші рет қатарынан жеңіске жетіп отырсыз!
- Рақмет! Мен аталмыш командаға қарсы өткен алдыңғы төрт ойынға қатыспадым, алайда көрдім! Қткен жылы Қазақстан Кубогының финалында да «Атырауды»жеңдік!!
- Бүгінгі жеңісті қалай бағалайсың?
- Жай ғана ойын болмады. Үш күн бұрын «Астанаға» қарсы ойнаған болатынбыз. Әрине, елордалықтармен болған кездесуде көп күш жұмсадық. Бір жақсысы, ауысым деген ұғым бар. Кез келген ойыншы алаңға шығуға дайын. Алматыға командалар жеңілуге келмейді. Олар ұпай үшін таласта аянып қалмайды. Сондықтан, ойын нәтижесін алғашқы минуттарда бақылау мүмкін болмады. Алайда, біз матчты өте жақсы бастадық деп айта аламын, гол соқтық. Тағы да гол соғуға мүмкіндіктер болды. Алайда, сәттілік жетіспеді.
- Үзіліске дейін сенің екі мүмкіндігің болды...
- Иә, футболда мұндай болып тұрады: сенің алдыңда екі шешім – пас беру немесе гол соғу. Мен дұрыс шешім қабылдай алмадым. Ян Вороговский жаұсы пас шығарғанда, қақпаға дәл көздей алмадым.
- Екінші таймда сәл ақсаңдап жүрдің. Аяғыңды қайырып алып пе едің?
- Жоқ, бұл Ақтауда тізеден алған жарақатымнан. Кейбір кезде қатты ауырды.
- Бүгін «Атырау» қақпасына қанша гол соғу мүмкін еді?
- Көп гол соғуға мүмкіндіктер болған, алайда жолымыз болмады. 1:0 – қарсылас та соғып кетуі әбден мүмкін еді. Сондықтан, біз екінші гол салуға тырыстық. Қорғанысымыз жақсы ойнады десе болады.