«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Құралбек Ордабаев: «Клуб өзінің ардагерлері мен кезінде «Қайраттың» ромбын қорғағандарды ұмытпағаны өте маңызды және жағымды»
Клуб жаңалықтары

Құралбек Ордабаев: «Клуб өзінің ардагерлері мен кезінде «Қайраттың» ромбын қорғағандарды ұмытпағаны өте маңызды және жағымды»

25 декабря 2018
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубының аңызға айналған ардагері Құралбек Ордабаев – алматылық клуб ұйымдастырған, Сергей Квочкинді еске алуға арналған республикалық турнир жайында.

- Клуб өзінің ардагерлері мен кезінде «Қайраттың» ромбын қорғағандарды ұмытпағаны өте маңызды және жағымды. Биыл мамыр айында клуб қазақстандық футболдың аңызы Тимур Санжарұлы Сегізбаевты еске алуға арналған бірінші республикалық турнирді ұйымдастырды. Ол бүкіл Қазақстаннан 8 ардагер-команданы жинап, үлкен футбол мереке өтті.

Осы демалыс күндері Сергей Прокопьевич Квочкин сияқты маңызды тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай, оның атымен аталған «Қайрат» Академиясының алаңында тағы бір үлкен турнир өткізілді. Біз Қазақстанның түрлі қалаларынан көптеген ардагерлерді жинап, аңызға айналған ойыншыны еске алдық. Турнирдің соңында әр ойыншыға турнирге қатысқаны үшін алғыс хаттар бердік, жеңімпаз командаларға кубоктар табысталды, ал әр позиция бойынша үздік ойыншыларды клуб бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мұндай турнирлер клуб тарапынан көрсетілген үлкен құрмет деп ойлаймын. Тарихымызда ұмытпауымыз керек. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»