Қазақстандық футболдың құрметті ардагері Құралбек Ордабаев Vesti-ге берген сұқбатында алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алосты сынға алған «Астананың» спорт директоры Александр Коночкиннің сөзіне жауабын айтты.
«Александр Коночкиннің сөзін әділетті деп атау қиын. Оның бұл сөздері дұрыс емес деп сенімді түрде айта аламын. Карлос Алос – ойынды оқи білетін, команданы басқара алатын және көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндігі бар бапкер. Премьер-лига спорттық бәсекелестіктен құралуы тиіс. «Астана» спорт директорының пікірі біздің чемпионатымызға сән бермейтіні анық.
Әрине, әрқайсысы өз жұмысымен айналысуы тиіс. Александр Коночкинге де «Қайраттың» бас бапкеріне қатысты сөздерін оңды-солды айта беруге болмас. Бұл шетелдік мамандарды қорқытып тастайды және олардың біздің футбол туралы ойларын өзгертуі мүмкін. Одан да «фэйр плэй» ережесін сақтаған жөн және уақытты бос әңгімелерге жұмсамай, шетелдік бапкерлерге құрметпен қарау керек», - деді Ордабаев.