«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин: «Атырауда ойнаған қашанда қиын»
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин: «Атырауда ойнаған қашанда қиын»

07 апреля 2025
/ 10:00
«Қайрат» бас бапкері «Атыраумен» өткен матч туралы айтты:
Біз ойын қиын болады деп болжадық. Қарсылас алдыңғы екі матчта жеңілді. Сондықтан жанкүйерлерінің алдында өзін көрсеткісі келген шығар. Алаңның жағдайы мен трибунаның қолдауын ескерсек, Атырауда ойнаған қашанда қиын.
Бірінші таймда қарсылас қорғаныста жинақы әрекет етті. Біз бастама жасап жаттық, бірақ қалағанымыздай болмай жатты. «Атырау» асықпай, ойын қарқынын бәсеңдетуге тырысты. Үзілісте жігіттерге қапталда белсендірек ойнап, доппен жылдам жұмыс істеп, қарқынын арттырып, қарсыласқа бейімделмеу керегін айттық. Сондай-ақ олар қақпаға жиірек тебу қажет дедік. Екінші таймда жігіттер ойынын үдете түсті. Мүмкіндіктер пайда болып, нәтижесінде гол соқтық.
Жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Қонақта аз болғанымен, қолдауларын сезіндік. Оларға рақмет!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»