«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин: «Біз тағы да өз рухымызды көрсеттік»
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин: «Біз тағы да өз рухымызды көрсеттік»

30 июня 2025
/ 12:31
«Қайрат» бас бапкері «Ордабасыны» жеңгені туралы айтты:
— Бұл өте қиын матч болды. 95 минут бойы шиеленісті жағдайда өтті. Біз Шымкентте оңай болмайтынын білгенбіз. «Ордабасы» — мықты футболшылар мен тәжірибелі бапкерлері бар білікті команда екенін алдыңғы баспасөз мәслихатында айтқанмын. Бұл жеңіске өте қуаныштымыз. Ол біз үшін аса маңызды. Киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге оларды мақтан тұтатынымды айттым. Ойыншылар да, бапкерлер штабы да үлкен жұмыс атқарды. Біз тағы да өз мінезімізді, рухымызды көрсеттік. Бүгін барлық мақтауға лайық — ойыншылар.
— Словенияға барар алдында «Тұранмен» өтетін келесі матчта ротация бола ма?
— Иә, әрине. Үш күннен кейін «Тұранмен» ойнаймыз, ал тағы төрт күннен кейін Словениядағы ойын күтіп тұр. Сол себепті ротация міндетті түрде болады. Бізде алаңға шығуға дайын ойыншылар жеткілікті.
— «Олимпия» жайлы не айта аласыз?
— Көп біле бермейміз. Жақында бапкерін ауыстырды. Негізгі ойыншылары кетті. Жастары көп. Дегенмен олар өте мықты қарсылас. Өткен маусымда олар Конференциялар лигасының 1/16 финалына дейін жетті. Негізгі шабуылшысын сатып, орнына тағы бір тәжірибелі футболшыны алғанын білеміз. Біз бұл қарсыласқа қарсы деңгейімізді тексереміз.
— Тағы футболшы аласыздар ма?
— Қазір барлық позиция толықтай қамтылған.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»