«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин: «Ешкім берілгісі келмеді»
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин: «Ешкім берілгісі келмеді»

20 мая 2024
/ 18:19
«Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы Рафаэль Уразбахтин Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Елимаймен» (1:1) өткен тең ойынға қатысты пікір айтты:
– Жалпы жақсы әрі тартысты ойын болды. Ешкім берілгісі келмеді. Барлығы жеңгісі келді. Бұл матч жанкүйерлерге де ұнады деп ойлаймын. Көп адамның алдында ойнаған тамаша. Мұндай матчтар – чемпионатымыздың көркі. Осындай матчтар көп болса екен деймін.
«Елімай» – білікті бапкер баптайтын жақсы, тәжірибелі команда. Мұнда ойнау қиын. Біз қарсыласқа дайындалып, ойынын талдадық, бірақ қарсылас бізді де зерттеген. Жеңіске сәл де болса біз жақын болдық деген ойым бар. Соңғы секундтарда гол жіберіп алдық. Бұл футбол, амал нешік. Әрі қарай жылжи береміз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»