«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин: «Біз ойынды негізгі уақытта аяқтағымыз келді»
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин: «Біз ойынды негізгі уақытта аяқтағымыз келді»

26 сентября 2024
/ 13:28
Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Жеңіске» қарсы 1XBET-Лига Кубогының жартылай финалындағы (2:0) қарымта матчтың нәтижесіне тоқталып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:
– Жеңіске жету, финалға шығу деген ниет болды. Екі гол соқтық. Өкінішке қарай, сол голдар ойынды қосымша уақытқа жеткізуге ғана жеткілікті болды. Біз ойынды қосымша уақыт пен пенальтиге жеткізбейміз деп үміттенген едік. Жігіттер де негізгі уақытта бітіріп тастағысы келді. Ойынға келетін болсақ, барлығы өз қолымызда еді. Бізде артықшылық болды. Көп мүмкіндік тудырдық, бірақ тек екі гол соқтық. Пенальти – бұл лотерея. Ол жерде жаттығу емес, футболшының психологиялық жағдайы шешеді. Қарсыластардың финалға шығуы құтты болсын. Мен оларға сәттілік тілеймін.
– Ойын алдында пенальтилер сериясын тебуге жаттықтыңыздар ма?
– Иә, біз пенальти тебуге жаттықтық. Сіз жаттықсаңыз да, жаттықпасаңыз да болады, соңында бәрібір психология шешеді. Нақты айта алмайсың.
– «Жеңіске» финалға шығаруға көмектескен «Қайрат» түлегі – Темірлан Анарбеков. Ол келесі жылы клубқа орала ма?
– Біз оны ойын тәжірибесін алсын деп жалға бердік. Оның «Қайратпен» келісімшарты бар, қазір жалға ойнап жүр.
– Қазір Элдер Сантананың жағдайы қалай?
– Оның миы шайқалған. Ауруханаға апардық. Сараптамалары, қорытындысы қандай болатынын күтіп отырмыз.
– Неліктен Жоао Пауло бірнеше матч бойы гол соға алмай жүр?
– Жаттығуда жақсы жұмыс істейді, көп соғады. Футболшылардың сондай кезеңі болып тұрады. Аяғы жүрмей жүрген шығар. Сол кезеңнен өтуі қажет. Бұл сұраққа жауап берген қиын. Ол нашар жаттығып, бар күшін салмаса, әңгіме басқаша болар еді. Сондықтан оның біліктілігіне еш күмәніміз жоқ.
– Неге «Қайрат-Жастардың» шабуылшыларын тартпасқа? Мысалы, көзге түсіп жүрген Валгушев пен Смаилбек бар.
– «Қайрат-Жастар» келесі күні ойнайды. Сагди Смаилбектің жарақаты бар. Валгушев ертең ойнайды. Оған қоса команда УЕФА Жасөспірімдер лигасының қарымта матчына дайындалып жатыр. Олардың да өз тапсырмалары бар. Тізімімізде «Қайрат-Жастардан» Байбек пен Мендыгалиев болды. Оматай ма? Ойын практикасын алсын деп жүрміз. Себебі оған ота жасаған еді.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»