Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Премьер-лиганың 25-турында «Ордабасыны» жеңгені (2:1) туралы пікір айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Біз өте қуаныштымыз. Жігіттерге жеңіңдер деп көздедік. Біріншіден, биылғы маусымның соңғы өз алаңымыздағы ойынында лайықты өнер көрсетеміз деген ниет болды. Жанкүйерлерді жақсы нәтижеге жетіп, жақсы ойын көрсетіп қуантқымыз келді. Ойын оларға ұнады деп үміттенеміз. Кейбір сәттерде ойыншылар біраз қобалжытты. Жалпы ойынды тұтас талдайтын болсақ, біздің көп мүмкіндігіміз болды. Алаңдатпай жеңуге де болар едік деп есептейміз. Барлық жанкүйерді осы жеңіске қатысты құттықтаймыз! Олардың қолдауы көп көмектесті. Команда атынан көп рақмет айтамын! Әрі қарай жылжимыз. Бізді Атырауда өте маңызды матч күтіп тұрғанын ұмытпайық.
– Соңғы үш турдан бері жеңіс голының авторы 19 жастағы Олжас Байбек ойнап жүр. Ол шешім қабылдауда, текетірестерде өте батыл екенін атап өткен жөн. Батылырақ, қаттырақ ойнауы бапкерлер штабының нұсқауы ма, әлде оның жеке қасиеттері ме?
– Олжастың құрамда ойнауға әбден жетілгенін айтқанмын. Біз оны бастапқы құрамда шығарып, сенім арттық. Ол қосалқы құрамнан шыққанда бізге айтарлықтай көмектеседі. Әсіресе осы матчта көмегі тиді. Ол өте маңызды гол соқты. Алаңға шыққан кез келген футболшыны ешнәрседен қорықпай, батыл ойнауға шақырамыз. Алаңға шыққан сайын Олжастың өзіне деген сенімі артып, дамып келеді. Ол жас ойыншы, әрі қарай да жетіледі. Әрине, бұл өзінің де ерен еңбегі.
– Екінші таймдағы нұсқауыңыз қандай болды? Екінші нөмірде, қарсы шабуыл жасап ойнағаныңыздай көрінді.
– Біздің есепті ұстап қалу деген ниетіміз болмағанын нақты айтамын. Керісінше, бірінші таймдағыдай екінші таймда да жігіттердің белсенді ойнағанын мақсат еттік. Неге солай әрекет еткенімізді мен қазір жауап бере алмаймын. Психологиялық тұрғыдан қауіптеніп, сақтық танытқан шығармыз. Біз бұны талдауымыз керек.
– Еркебұлан Сейдахметтің бірінші таймдағы ойынына қандай баға берер едіңіз? Бізге ол ыңғайсызданып жүргендей көрінді. Сіз оны ауыстырамын деген ой болмады ма?
– Оны алмастыратын ой болған жоқ. Қандай да бір толқу болған шығар, бірақ ода ғана емес, көп жігітте де болды. Ол біздің сұрағанымызды орындады.
– Сейдахметті шабуылдағы жарқын ойыншы ретінде көретінбіз. Ол бірнеше жылдан бері қапталдағы қорғаушы болып ойнайды. Бұл енді оның туған позициясы деп айтуға бола ма?
– Бұл қажетті шара. Еркебұлан – шабуылшы. Өмір бойы шабуылда ойнаған. Қазір ол осы позицияда бәрінен жақсы көрінетіндіктен ойнайды. Жалпы оған жоғарырақ, шабуылға жақынырақ ойнағаны дұрыс.
– Еркебұлан Тұңғышбаев гол соққаннан кейін сіз Егор Сорокинді шақырдыңыз. Эпизодты талдадыңыз ба, әлде әрі қарай қалай әрекет ететініңізді нұсқадыңыз ба?
– Тактикалық жағынан аздап сап өзгертіңдер дедім. Жігіттер бір-бірін түсінбей қалып, гол жіберіп алдық. Мен Егорды шақырып алып, бұрынғыдай ойнай беріңдер деп айттым.
– Сіз екі орталық қорғаушы болып ойнай бастағаннан бері Сорокин қате жібере бастады. Оның алаңда, сондай-ақ бапкерлер штабына да қажетсіз эмоция көрсететінін байқадық. Бұған не дейсіз?
– Жоқ, біз Егорға толықтай ризамыз. Бұл ойыншы мен бапкерлер штабы арасындағы қалыпты байланыс. Мұндай ойындар кезінде көп футболшының эмоциясы шығып кетеді. Егор әрқалай әрекет етуі мүмкін. Кез келген ойыншы әртүрлі. Қателерге келетін болсақ, ол нашар ойнай бастады деп айтпас едім. Арамызда ешқандай кикілжің жоқ.