«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин – «Қайрат» бас бапкері
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин – «Қайрат» бас бапкері

06 сентября 2024
/ 12:00
Келісім маусымның соңына дейін жасалды. Оның штатында клуб құрылымының бапкерлері Максим Зуев пен Сергей Куцов болады.
Футболшы кезінде Рафаэль Радикович Қазақстанның түрлі клубында, соның ішінде «Қайратта» өнер көрсеткен. Премьер-лигада жалпы 200-ден астам ойын өткізген. Қазақстан құрамасының да намысын қорғаған.
Ол өзінің бапкер мансабын 2014 жылы бастады. 2019 жылдың соңына дейін «Қайрат» ФК Академиясының әртүрлі жастағы командасында жұмыс істеді. Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін қарағандылық «Шахтёр» клубында бас бапкер көмекшісі, кейін клубтың спорт директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың басында ол клуб құрылымына оралып, «Қайрат» U-18 командасының бапкерлер штабының құрамына кірді. Онымен QJ League турнирінің чемпионы атанды.
Биылғы маусымды «Қайрат-Жастар» аға бапкері ретінде бастады. Мамыр айында ол негізгі команданың бас бапкері қызметін атқарды. Кейін Александр Кержаковтың бапкерлер штабына қосылды.
Рафаэль Радиковичке команда тізгінінде жарқын жеңістерге жетіп, табысты нәтиже көрсетсін деп тілейміз!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»