«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рафаэль Уразбахтин: «Ойынның басында жіберілген екі гол команданы есеңгіретіп тастады»
Қайрат

Рафаэль Уразбахтин: «Ойынның басында жіберілген екі гол команданы есеңгіретіп тастады»

09 мая 2024
/ 21:52
«Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Кубогының 1/4 финалындағы «Атыраумен» өткен ойынға (1:3) қатысты пікір айтты:
– Бұл матчқа екі негізгі орталық қорғаушысыз келдік. Виктор Васин мен Лука Гадрани соңғы ойында алған жарақатына байланысты алаңға шықпады. Осы ойыншылардың болмауы бүкіл команданың жұмысына әсер етеді. Әсіресе стандартты жағдайларда жоқтығы байқалады. Сол мәселеге байланысты алаңдадық. Өкінішке қарай, дәл солай болды. Ойынның басында екі жылдам гол жіберіп алдық, екеуін де стандарттан өткіздік. Бұл команданы есеңгіретіп жіберді. Жылдам голдарды жіберіп алғанда кез келген футболшы күйзеліп қалады. Кейін пенальти тептік, бірақ сала алмадық. Сол кезде гол соққанда эмоция үстінде тағы мүмкіндік жасаушы едік. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Сосын одан бетер көңіліміз түсіп кетті. Нәтижесінде үшінші гол жіберіп алдық. Бұл жігіттердің екі голдан кейін әлі ес жимағанын көрсетті. Біз өте қарапайым гол жіберіп алдық.
Үзілісте жігіттермен сөйлесіп, олардың қателерін түсіндірдіп, түзеттік. Матчтың екінші жартысында олар жағдайды түзетуге тырысты. Бүкіл тайм бойы шабуыл жасадық, бірақ, өкінішке қарай, бір ғана гол соғып үлгердік. Қарсылас жата-жастана қорғанды. Біз тырысып бақтық, бірақ қолымыздан келмеді.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»