«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич «Қайсарға» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.
- Раде, жеңіспен құттықтаймын!
- Рахмет. Бүгін ауыр ойын болды. Біз жасанды газонда ойнадық. Сонымен қатар өте ыстық болды. Біз бір жарым ай жасанды газонда ойнаған жоқпыз. Сондықтан біраз уақыт алаңға бейімделдік. «Қайсар» әрдайым өз алаңында жақсы футбол көрсететінін білдік. Сондықтан да біздің Қызылордадан үш ұпайды қанжығамызға байлағанымызға қуаныштымын.
- Екінші таймға команда өте қуатталып шықты!
- Үзілісте біз ойынымызды жақсы талқыладық, кейбір өзгерістер жасадық. Схеманы сәл өзгерттік. Сонымен қатар, алаңға біздің капитан шығып, ойынды күшейтті. Сондықтан да гол болуы керек еді. Бұл өте маңызды үш ұпай. Біз бұл жеңісті біздің барлық аналарға арнаймыз. Әсіресе, досымыз Данил Устименконың анасының әруағына арнаймыз. Бүгінгі жеңіс - ол үшін болды.
- Гол туралы толығырақ айтып берсең.
- Шынымды айтсам, сол сәтте доп аяғымның астынан шығады деп ойламадым. Мен Бауыржан Исламхан басқа береді деп күткен едім. Осылайша, доп Мартон Эппельге барды. Ол кипермен күресіп, кейін доп секіріп, менің жанымнан табылды. Мен оң аяқпен соққы жасадым. Мен тіпті маған қарсы ойнаған футболшыны көрмедім. Меніңше, бұл «Қайсар» капитаны болды.