«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич «Ордабасыға» қарсы матчқа қатысты өз пікірін білдірді.
- Раде, сенің ойыңша, бүгінгі матч қалай өтті?
- Матч өте ауыр өтті. Қарсылас секілді біз де көптеген қауәптә сәттерді жүзеге асыра алмадық. Тең ойын көрсеткеніміз әділетті деп ойлаймын. Екі команда да жеңіске ұмтылысы жоғары болды. Қонақта бір ұпай алу – жақсы нәтиже. Қарсыластарымыз қаптал ойыншыларын жиі ауыстырды, алайда біз де олардың соққыларының орындалмауына барымызды салып бақтық.
- Әріптестерініңнен кімді бүгін жақсы ойын көрсетті?
- Стас Покатилов кезекті матчында әдемі ойын өрнегін көрсетті. Сенімді ойнап, қателікке жол бермеді. Соңғы минуттарда команданы қорғап қады. Осындай матч үшін оған рақмет!
- Әуедегі таласта сен де ұтылмадың.
- Бұл маңызды емес. Бастысы, жеңісті қолдан жібермедік.1 мамыр күні қонақта тағы бір кездесу күіп тұр. Оның үстіне ойын жасанды алаңда өтеді.
- Сен бір аптада үш ойынға қатыстың. Шаршамадың ба?
- Жоқ. Ресей чемпионаты мені шынықтырды. Ол жерде араға үш күн салып ойнаған кездеріміз болды, онымен қоса ұзақ сапарларға шықтық, бір күнде бірнеше сағат белдеуін ауыстырдық. Әр аймақта әр түрлі ауа-райы болды. Сондықтан ауыртпашылықтарға үйренгем. Күшім жеткілікті. Келесі матчта жеңіске жеткім келеді.