«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Раде Дугалич: «Мұндай алаңда футбол ойнау қиынға соқты»
Қайрат

Раде Дугалич: «Мұндай алаңда футбол ойнау қиынға соқты»

31 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич «Шахтерге» қарсы ойындағы бірінші голдың маңыздылығы туралы айтып, қарағандылық газонның төмен сапасын атап өтті.

- Раде, бүгінгі матчқа қандай баға бересің?

 - Үзіліске дейін жел бізге қарсы ойнағандықтан, бірінші таймда гол соғу маңызды болды. Желге қарсы ойнағандықтан, бізге қорғану қиын болды. Барлығы доптың тез қайтатынын байқады. Біз мұндай сәтті бастан өткізгенбіз. «Тобылмен» ойынның бірінші таймында жел біздің жаққа соғып, ол қарсыласқа көмегін тигізді. Ең бастысы, біздің құрғақ есепке ойнап, төрт гол соққанымыз. Бұл маңызды жеңіс. Қорғаудағы өзімнің серіктестерім: Нұралыға, Ғафуржанға, Диноға алғыс білдіремін. Олардың барлығы тәртіпті ойнады.

- «Шахтер» әрдайым допты қорғаушылардан асырып ойнағысы келді...

- «Шахтер» ойнайтын командалардың бірі болып саналады. Олар желдің бағытын пайдаланып, қорғаушылардан  доп асырып ойнағысы келді. Сол үшін де, біз терең қорғанысқа «отырдық». Біздің қарсыластар допты еш жерге асыра алмас үшін.

- Үзілісте гол соғуға дайындалдыңдар ма?

- Ия, біз екінші таймда жел бағытымен ойнайтынымызды білдік. Алаңға шығып, тағы да гол соғатын бағдар болды. Қарсыласқа тағы шабуыл жасауға дайын болдық. Ойлағанымыздың барлығы жүзеге асты. Біз бірнеше сәттерді іске асыра алдық.

- Сенің аяғың таңулы. Нургалиевтан қатты соққы алдың ба?

- Ойын сәті, маңызды ештеңе жоқ. Ол жай ғана аяғыма ашық сирақпен соққы жасады. Ондай болып тұрады. Ол кейін кешірім сұрады. Он минуттан кейін..

- Көгал ойынға қатты әсер етті ме?

- Көгал өте ауыр болды. Ол жауынның кесірінен қатты зақымданды. Шөп биік болып, мұндай алаңда футбол ойнау қиынға соқты. Шабуылда ойын көрсетіп қалған қарсыласқа да, бізге де қиын болды. Олар бүгін алысқа доп лақтырып ойнағысы келді, бірақ бұл олардың мықты жерлері емес.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»