«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Раде Дугалич: «Футболды қатты сағындым»
Қайрат

Раде Дугалич: «Футболды қатты сағындым»

21 января 2020
/ 12:00

Команданың вице-капитандарының бірі болып табылатын «сары-қаралардың» қорғаушысы Раде Дугалич 2019 жылдың қорытындысын шығарып, бірінші ОЖЖ туралы әңгімелеп, сондай-ақ футболды сағынғандығын айтты.

- Раде, өткен жыл сен үшін жаңалықтарға толы болды. Оның қорытындысын шығарсаң.

- 2019 жыл мен үшін өте жақсы жыл болды. Өткен жылы менің өмірімде көптеген маңызды оқиғалар болды. Өткен жылдың 7-ші қаңтарында мен болашақ әйеліме ұсыныс жасадым, он күннен кейін – «Қайраттың» ойыншысы атандым. Команданың құрамында сәтті маусым өткіздім. Бірінші рет мансабымда бір жылда сонша гол соқтым. Маусым айында үйлену тойым өтті. Айтпақшы, үйлену тойынан кейін мен төрт гол соқтым. Толық бақыт үшін тек чемпиондық қана жетпеді.

- Бірінші ОЖЖ қалай?

- Бірінші жиын әрқашан ең қиыны. Формаға келіп, іргетас салу керек. Біз доппен жұмыс істегеннен гөрі, жүгіру жаттығуларын көп өткіздік, үнемі залда  жаттығып жүрдік. Қазір екінші жиын кезінде жағдай өзгерді. Схемаларды пысықтап, тактикалық дайындықпен айналысамыз. Бақылау ойындарын асыға күтудемін. Футболды қатты сағындым.

- Клубтан екі орталық қорғаушы кетті. Негізгілері қалды - сіз Нұралы Әліппен бірге. Онымен ойнаған сізге ыңғайлы ма?

- Ол тез үйреніп, сенімді ойын көрсетіп жүрген жас футболшы. Біз бірге көп ойын өткіздік, бір-бірімізге үйрендік, өзара түсіністікті таптық. Барлығы керемет. Ол жақсы жаттығып, шеберлігін арттырып келеді. Нуриктің потенциалы зор. Ең бастысы – сол қарқыннан таймау керек. Осы позицияға  жаңа ойыншылардың келгенін күтудемін, себебі бәсекелестік болуы керек.

- Бақылау матчтары бойынша біздің қарсыластарымызды қалай бағалайсыз?

- Биылғы жылы өте жақсы қарсыластар! «Легия» - Польша чемпионы, «Лудогорец» - Болгария чемпионы. Киевтік «Динамо» Украина чемпионатында он бес атаққа ие болғанын ешкімге айтудың да қажеті жоқ. Сондай-ақ, Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында да мықты қарсыластар болады: мәскеулік «Динамо», «Зенит».

- Қандай матчты асыға күтудесің? «Зенитке» қарсы ма?

- «Зенит», әрине, үшінші жиында. Ал осы оқу-жаттығу барысында «Легиямен» болатын спарринг өте қызықты. Мен олардың ойын стильін білемін, кейбір футболшылармен таныспын. Бірінші матч үшін өте маңызды қарсылас.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»