«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Раде Дугалич: «Барлық серіктестеріме «құрғақ» жеңіс үшін рахмет!»
Қайрат

Раде Дугалич: «Барлық серіктестеріме «құрғақ» жеңіс үшін рахмет!»

12 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич «Таразға» қарсы матч туралы айтып және де серіктестеріне сырт алаңдағы «құрғақ» ойын үшін алғысын білдірді.

- Раде, жеңіс құтты болсын!

- Көп рахмет! Біз сырт алаңдағы осы ойынды жақсы өткіздік. Оңай болмайтынын түсіндік, өйткені «Тараз» өз алаңында «Астананы», «Ордабасыны» жеңген. Үздік командаларға қарсы «Тараз» өз алаңында ерекше қарқынмен ойнайды. Ойынның басында біз қиын алаңға бейімделдік. Ондай алаңда ойнау өте қиын. Кейін қарсыластың қорғанысын шайқай бастадық. Ең бастысы біздің «Тараздан» үш ұпайды алып кеткеніміз. Біздің команда өте жақсы ойнады. Қарсылас бүкіл ойын бойы екі гол соғатын сәт қана тудыра алды. Барлық серіктестеріме «құрғақ» жеңіс үшін рахмет! Олар сенімділік береді.

- Сенде бүгін «Тараз» қақпасына гол соғатын екі мүмкіндік болды.

- Ия, бізде бүгін гол соғатын көпмүмкіндік болды. Қателеспесем, біз он рет бұрыштама бердік. Жалаушадан доп соққанда мен қақпаға соққы бағыттауға тырысамын.Бауржан мен Ғафур  допты берудің нағыз шеберлері. Екі рет мен допты нысанаға дәл бағыттап соқтым. Өкінішке орай, бірінші допты қорғаушы, екіншісін дәл қақпаның жоғарғы жағынан  қақпашы керемет қайтарды. Заманауи футболда стандарт маңызды және керек зат. Біз бұған назар аударамыз. Бізде бойы 185 сантиметрден асатын бес-алты ойыншы бар. Олардың барлығы «екінші қабатта» ойнай алады.Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс әлі де сәттілік әкеледі.

- Сенің ерніңнен қан кетіп жатыр. Не болды?

- Дәл мен гол соғатын сәтте, қарсылас шынтағымен «қарсы алды». Допты алыстағы бұрышқа баспен соғып, бірақ қорғаушы допты шығарып жіберді. Қорқынышты ештеңе жоқ, тез жазылады.  

- Келесі матчты біз сол стадионда, сол қарсыласқа қарсы өткіземіз...

 - Бізді қайтадан жабық команда және де қиын алаң күтіп тұр. «Тараз» қорғанысқа бар күшін салып, аймақтарды ашпайды. Үнемі жылдам әрекет ету керек. Мұндай алаңда жылдам ойнау қиынға соғады. Бірақ біз келесі матчта жеңіске жетуге дайынбыз. Бапкеріміз айтқандай, алда тағы 11 финал бар. Барлығында жеңу керек. Күресеміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»