«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рақмет, Олег Игоревич!
Қайрат

Рақмет, Олег Игоревич!

08 января 2019
/ 00:00

Екі тараптың келісімі бойынша, Олег Воскобойников «Қайрат» футбол клубынан кетті.

Олег Игоревич – қазақстандық футболдағы аңыздардың бірі. Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы футболшы ретінде де, бапкер ретінде де үлкен жұмыс атқарды. Ол 1996, 1997 және 1998 жылдары қатарынан үш рет Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының иегері.

2009 жылы Олег Воскобойников шымкенттік «Ордабасыда» өзінің бапкерлік мансабын бастады. Мұнда ол 2013 жылдың соңына дейін қызмет атқарды. «Қайратпен» бірге ол бес жыл жұмыс істеп, чемпионаттың қола жүлдегері, төрт дүркін күміс жүлдегері атанды, төрт мәрте Қазақстан кубогын және екі рет ел Суперкубогын иеленді.

«Қайрат» футбол клубы Олег Игоревичке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабында сәттілік тілейді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»