Қарағандылық «Шахтермен» ойын Андрей Аршавин үшін қоштасу матчы болды.
Ақтық ысқырықтан соң «Орталық» стадионда Андрей Аршавиннің құрметіне арналған рәсім өтті. Ол үш маусым бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдіріп, Алматыда өзінің бір бөлігін қалдырғанын айтты.
Андрей Аршавин «Қайрат» сапында үш маусым өткізіп, сол уақыт ішінде жүзден астам матчқа қатысты. Осы ойындарда ол 30 гол соғып, командалас әріптестеріне 37 нәтижелі пас берді. Алматылық клубпен бірге үш рет Премьер-лиганың күміс медалін, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын еншіледі.
Андрейдің жарқын мансабы клуб тарихында өшпес із қалдырды. «Қайрат» футбол клубының ұжымы Андрейді команданың табысына үлес қосып, жарқын сәттерімен есте қалғаны үшін алғыс айтады.