«Қайрат» футбол клубы 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өтетін өз алаңындағы матчтарға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредитациялауға өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчы «Қайрат» (Алматы) – «Олимпия» (Любляна, Словения) 15 шілдеде сағат 20:00-де Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.
Аккредитация алу үшін әр қызметкерге жеке press@fckairat.kz электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:
• Аты-жөні
• БАҚ атауы
• Байланыс телефоны
• Электронды пошта
• Аккредитация түрі (PRESS / MEDIA)
• Жеке куәліктің көшірмесі
• Редакция бас редакторының немесе жетекшінің қолы қойылған, фирмалық бланкідегі редакциялық хат (хатта журналистің аты-жөні мен лауазымы көрсетілуге тиіс)
Өтінім 2025 жылғы 27 маусым мен 11 шілде аралығында (Алматы уақытымен 17:00-ге дейін) қабылданады.
Барлық өтінім жеке қаралады. Жауап 13 шілдеге дейін көрсетілген электронды поштаға жолданады. Көрсетілген талаптарға сай емес немесе белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған өтінім қаралмайды.
Премьер-лига матчтарына берілген маусымдық аккредитация еурокубок ойындарына жарамсыз.
АККРЕДИТАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
PRESS — жазушы журналистер:
• Пресс-ложаға кіру
• Микс аймағына (ойыншылардан сұхбат алу) кіру
• Баспасөз мәслихатына қатысу
MEDIA — фото және видеожурналистер:
• PRESS санатындағы барлық құқық
• Алаң шетіне шығу (фото және видео түсіру үшін)
MEDIA САНАТЫНА АРНАЛҒАН МАНИШКАНЫ ПАЙДАЛАНУ
• 2025 жылғы маусымда Премьер-лига матчтарына аккредиттеліп, сұр түсті клуб манишкасын алған болсаңыз, ол еурокубок матчтарында жарамды болады.
• 2025 маусымына аккредитациясы жоқ өкілдер манишканы матч күні баспасөз мәслихаты залында сағат 18:30-ға дейін ала алады. Бұл уақыттан кейін манишка берілмейді. Манишканы матчтан кейін сол жерде қайтару керек. Манишкасыз алаң шетіне кіруге тыйым салынады.
СТАДИОНДА БОЛУ ЖӘНЕ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
Кіруді бақылау:
Аккредитация бейдждерінің жеке нөмірімен QR-кодыбар.
Бейдж бен манишкасыз алаң жиегіне шығуға рұқсат етілмейді.
Аккредитация бейджі — жеке құжат. Оны басқа адамға беруге болмайды.
Бейдж басқа адамға берілсе, ол жарамсыз деп танылады, ал журналистің аккредитациясы қайтарып алынып, қалпына келтірілмейді.
Кіру аймақтары:
БАҚ өкілдері өз аккредитация түріне (PRESS немесе MEDIA) сәйкес аймақтарда ғана болуға міндетті.
Фото және видео журналистерінеқақпа артындағыжарнама LED-борттардың сырт жағында ғанажұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Матч кезінде жазушы журналистер (PRESS) пресс-ложада ғана отыруы керек.
Кәсіби тәртіпті сақтау:
Ұйымдастырушыларға, ойыншыларға, қызметкерлерге жұмыс істеуге кедергі келтіруге тыйым салынады.
Қосалқы ойыншылар отыратын орынға, киім ауыстыру бөлмесіне және аккредитацияда көрсетілмеген басқа да аймақтарға кіруге болмайды.
Ойыншылардан, бапкерлерден, клубтың ресми тұлғаларынан сұхбат «Қайрат» ФК баспасөз қызметінің рұқсатымен ғана алынуы керек.
Стадионға кіру тәртібі:
БАҚ өкілдері стадионға Абай даңғылы жағынан, турникеттердің оң жағында орналасқан Kairat Sportpub жанынан кіреді.
Трибуналарға батыс трибуна жағындағы №9 кіреберіс арқылы кіреді.
Бейджді стадионда жүрген бүкіл уақытта көзге көрінетін жерде тағып жүру қажет.
Аккредитацияны жоюға әкелетін ереже бұзушылықтар:
Өтінім беру ережелерін бұзу немесе жалған ақпарат ұсыну.
Аккредитация бейджін басқа адамдарға беру.
Клуб беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату.
Матч кезінде стадионда тәртіп ережелерін бұзу.
БАҚ жұмысының тоқтауы немесе журналистің жұмыстан кетуі.
«Қайрат» ФК көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда аккредитацияны өз шешімімен тоқтатуға құқылы.