«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Покатилов пен Дугалич үздіктер құрамында
Қайрат

Покатилов пен Дугалич үздіктер құрамында

25 сентября 2019
/ 11:00

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-Лиганың 27-турының үздіктер құрамасын жариялады. Оның құрамына «Қайраттың» екі ойыншысы кірді.

Тур командасы  InStat компаниясының статистикалық талдауы негізінде құрылды. Құраманы құру кезінде ойыншылардың іс-қимылдарының жалпы көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар олардың позицияларына тән әртүрлі негізгі көрсеткіштер де ескерілді.

Стас Покатилов турдың үздік қақпашысы атанды.

«Қайсармен» болған жекпе-жекте қақпашы Покатилов басқарған «Қайраттың» қорғауы алынбас қамалдай болды. Жалпы, алматылық қақпашы осы матчта 6 соққыны қайтарды, оның ішінде қызылордалық шабуылшы қақпашымен  бірге-бір шыққанда керемет сейв жасады, сонымен бірге үш рет шығуда сәтті ойын көрсетті. Әрекет индексі – 277».

Раде Дугалич үздік қорғаушылар қатарына кірді.

«Дугаличті командасына жеңіс әкелген «Қайсардың» қақпасына соғылған гол ғана емес, сонымен бірге доп үшін күресті мінсіз жүргізгені үшін де ерекшелеуге болады. «Қайраттың» қорғаушысы жоғарыдағы дуэльдің бәрінде жеңіске жетті және де төмендегі жекпе-жектің 80% -да, 11 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды, 80% дәлдік пас берді. Әрекет индексі - 318».

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»