ФК «Қайрат» Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев биыл кәсіби деңгейде өнер көрсете бастаған клубтың әйелдер командасымен кездесті.
Жиынның басында әйелдер командасының спорт директоры Сюзанна Корнецова бапкерлік және әкімшілік штабты таныстырып, алдағы маусым жоспары мен оқу-жаттығу жиындарының барысы туралы айтып өтті.
Қайрат Советайұлы команда үшін алғашқы кәсіби маусым үлкен сынақ болатынын атап өтті, бірақ соған қарамастан, футболшыларға чемпиондық үшін күресу мақсатын қойды.
Кездесуге сондай-ақ ФК «Қайрат» техникалық директоры Евгений Красиков пен клуб ардагері Құралбек Досжанұлы Ордабаев қатысты.
Жиын соңында командалық естелік суретке түсірілді.