«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Пахтакор»: қарсыласты таныстыру
Қайрат

«Пахтакор»: қарсыласты таныстыру

25 февраля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» маусым басталар алдындағы соңғы қарсыласы Өзбекстанның «Пахтакор» клубы болмақ. Ташкенттік клуб 1956 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол 15 дүркін ел чемпионы және 13 дүркін Кубок иегері.

1956-1990 жылдар аралығында біздің командалар 50 ресми матч өткізді: «Қайратта» 21 жеңіс, «Пахтакорда» 18 жеңіс және тағы 11 кездесу тең аяқталды.

«Мақташылардың» жаттықтырушысы қазір клубтың бапкер 44 жастағы өзбек маманы Максим Шацких. Футболшы ретінде ол ресейлік және украиналық клубтарда, сондай-ақ астаналық «Локомотив» клубында өнер көрсетті. Максим бапкерлік мансабын киевтік «Динамосының» құрылымында бастады, сонымен қатар волгоградтық «Роторында» жаттықтырушының көмекшісі болды. Өткен жылдың маусым айында «Пахтакордың» спорт директоры болып тағайындалса, бір айдан кейін команданың бас бапкері болды.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, «Пахтакордың» құрамы 9,75 миллион еуроға бағаланған. Ең қымбат ойыншы Өзбекстан құрамасының 27 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Одилджон Хамробеков. Transfermarkt оны 1 миллион еуроға бағалайды.

«Пахтакордың» өткен маусымдағы үздік сұрмергені команда капитаны, 35 жастағы серб шабуылшысы Драган Черан болды. Өткен жылы барлық турнирлерде ол 29 кездесу өткізіп, 22 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

«Пахтакорға» қарсы жолдастық кездесу бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 18:00-ге жоспарланған. Тікелей эфир – QAZSPORT телеарнасында және Kairat TV YouTube-арнасында.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»