Өзбекстанның ең танымал клубының ардагерлер делегациясы «Қайрат» ФК-ның барлық инфрақұрылымдық нысандарын аралап, клубтың жабдықталу деңгейіне таңқалды.
Алматыдағы «Қайраттың» аңыз адамдарымен болатын қайырымдылық жолдастық матчқа келген «Пахтакор» ардагерлері экскурсияны С. П. Квочкин атындағы академиядан бастады. Содан кейін біздің қонақтар Е.А. Пехлеваниди Академиясында болып, содан кейін Т. С. Сегізбаев атындағы Академияның тәрбиеленушілерімен және қызметкерлерімен танысты. «Пахтакор» баспасөз тілшісінің айтуынша, болашақта олардың клубы өз академиясын салуға тырысады. Сондықтан да олар тұрғын үй корпустарын қызығушылықпен қарап, алаңдарды көрді.
Экскурсия Бесағаш ауылындағы клуб базасында аяқталды. Біздің жаттығу базамыз делегацияға керемет әсер қалдырды.
«Қайрат» - «Пахтакор» қайырымдылық жолдастық кездесуі ертең, 7 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Орталық» стадионда өтеді.