«Қайраттың» жастар құрамы қызылордалық командадан айласын асырды. Бүгін Кирилл Кекер шәкірттері өз алаңында «Қайсардың» дубльдік құрамын минималды есеппен жеңді – 1:0. Матчтағы жалғыз голды ойынның бірінші жартысында Марлей Айманов соқты. Матчтың соңына таман алматылықтардың қақпашысы Дінмұхаммед Жомарт пенальтиді кері қайтарды.
«Қайрат Ж» - «Қайсар Ж» - 1:0
Гол: Айманов, 29