Ойрат Садуов: «Егер команда осы қарқында ойнай берсе, көп нәрсеге қол жеткіземіз»
Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Ойрат Садуов «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі жайында пікірін айтты.
- Өз ойнымыздың 80%-ын көрсеттік деп ойлаймын. Әрине, нәтижеге көңіліміз толмайды – қорғаныста сәтсіз ойнап, өте ауыр мақсатты орындауға тура келген өткізіп алған голдың салдары. Жігіттер барын салды. Егер біз барлық матчта осылай ойнағанымызда, қазір біз басқа нәтиже көрсетер едік деп ойлаймын – жақсырақ нәтиже және Қазақстан Кубогының финалына да шығып қалар ма едік. Өкінішке қарай, қолымыздан келмеді, бірақ бұл футбол – чемпионатта басқа мақсаттарымыз бар. Барымызды саламыз, егер команда осы қарқында ойнай берсе, көп нәрсеге қол жеткіземіз.