«Қайраттың» Академиясында ағылшын тілінің интерактивті сабақтары өтіп жатыр.
2004 жылы туған тәрбиеленушілер ағылшын тілінде сөйлейтін Кевин Беркемен кездесті, ол Қазақстандағы Татулық Корпусының еріктісі болған. Сонымен қатар, ол биыл маусымда КИМЭП университетінің магистратура курсын тәмамдады. Кездесу ойын түрінде өтті, тәрбиеленушілер тіл үйрену барысында мәдениет пен дәстүрлер туралы айтты.
Жас футболшылар қонақпен футбол және Әлем чемпионаты туралы сөйлесті. Кевин қазақша және орысша сұрақтар қойды, ал жігіттер өзінің ағылшын тілін жетілдіруге тырысты.