«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Осы клубта футболшы ретінде өскенкенім үшін, мен «Қайратқа» ризамын!
Қайрат

Осы клубта футболшы ретінде өскенкенім үшін, мен «Қайратқа» ризамын!

30 декабря 2019
/ 12:00

Исламбек Қуат «Қайраттан» кететінін айтып, клуб пен жанкүйерлерге бес жарқын маусым үшін алғыс айтты.

- Мен жанкүйерлерге ыстық қолдаулары үшін алғысымды білдіргім келеді. Әрбір қазақстандық футболшы «Қайратта» ойнауды армандайды. Мен «сары-қаралар» отбасында бес жыл өткіздім. Осы уақыт ішінде есте қаларлық жеңістер көп болды. Олардың ішінде менің де үлесім бар екеніне қуаныштымын.

- Неге басқа клубқа ауысуға шешім қабылдадың?

- Маған жаңа сынақ керек еді. Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді. Өзімді тексергім келеді. Мен Қайрат Советайұлымен сөйлестім, ол менің шешімімді мақұлдады. Оның қолдауын сезіну маңызды.

- Клубтан қандай оймен кетесің?

- Осы клубта футболшы ретінде өскенкенім үшін, Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысы болғаным үшін, мен «Қайратқа» ризамын! Алматы мен үшін «Қайрат» сияқты туған қалама айналды. Мен клубтың барлық қызметкерлеріне, біздің үлкен отбасымызға рахмет айтқым келеді! Агрономдарға, күзетшілерге, барлық Академия қызметкерлеріне, баспасөз қызметіне, аспазшыларға, тазалаушыларға, жүргізушілерге, әкімшілерге де. Мен барлығына ризамын! «Қайрат» әрдайым менің жүрегімде.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»