«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қош бол, мектебім!
Академия жаңалықтары

Қош бол, мектебім!

05 июля 2018
/ 00:00

Тимур С. Сегізбаев атындағы Академияда бітіру кеші өтіп, «Қайрат» ФК тәрбиеленушілері орта мектепті бітіргені дайында өз аттестаттарын алды.

«Қайрат» футбол клубы спорттағы жетістіктерден бөлек, білімге де үлкен назар аударады. Сондықтан, клуб Академиясындағы футболшылардың даму сатысында мектеп бағдарламасы үлкен рөл атқарады.

Бітіру кешіне «Қайраттың» бас директоры Әлішер Апсалямов, Академия директоры Дмитрий Галямин, техникалық директор Евгений Красиков, сонымен қатар, тәрбиеленушілердің мұғалімдері, ата-аналары мен «Қайрат» футбол клубының қызметкерлері қатысты. Олар балаларды мерекемен құттықтап, футбол мансабында сәттілік тіледі. Тәрбиеленушілер болса, өз кезегінде, өз аналарына жан тебірентерлік өлеңдер оқып, осы күнмен құттықтады.

Салтанатты шарада әр тәрбиеленушіге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Кеш бапкерлер, жақындар, ұстаздар және клубтастармен бірге мерекелік атмосферамен аяқталды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»