«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Орталықтағы» мереке
Қайрат

«Орталықтағы» мереке

19 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» еш қиындықсыз қарағандылық «Шахтерден» айласын асырды.

«Қайрат» - «Шахтер» - 2:0

ГолдарСүйімбаев, 43, Исламхан, 79

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев (84, Вороговский), Шелдон Бато, Нұралы Әліп, Станистав Лунин, Акош Элек, Хуан Фелипе, Иво Иличевич (67, Исламхан), Исэаль Барбоза, Георгий Жуков (67, Швырев), Андрей Аршавин

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Исламбек Қуат, Уго Сильвейра, Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Магомед Парагульгов,

«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ), Евгений Ткачук, Матео Мужек, Александр Мигунов, Александр Володько (19, Тарасов), Дамир Кояшевич, Милан Стоянович, Біржан Көлбеков, Игорь Пикалкин (84, Мангуткин), Геворг Наджарян, Сергей Шафф (70, Суботич)

Қосалқы құрам: Абылайхан Дүйсен (Қ), Эгон Вух, Кирилл Пасичник, Оралхан Өміртаев

Владимир Журавель шәкірттері елордалық «Астананы» жеңгеннен кейін қауіпті қарсылас болып көрінген. Алайда алматылық команда өз алаңында қарағандылық қонақтарды қиындықсыз жеңді.

Алғашқы қырық бес минуттықта «Қайрат» «Шахтер» қақпасына бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Оның екеуі Станислав Луниннің еншісінде: қапталдағы қорғаушы алғашқы мүмкіндігінде матч есебін ашуға жақын болған, алайда соққысын қарағандылықтардың қақпашысы кері қайтарды. Ал екінші сәтте «қайраттық» ойыншы Аршавинге пас қалдырды, бірақ ресейлікке дәлдік жетіспеді.

Жанкүйерлер матчтағы алғашқы голды 43-минутта көрді. Қорғаушы «Шахтердің» айып алаңында қақпаның алыс бұрышын нысанаға алды, доп қақпа бағанасына тиіп, сызықтан өтіп кетті – 1:0. Командалар үзіліске осы есеппен атанды.

Матчтың екінші жартысы да алаң иелерінің басымдығымен өтті. «Қайрат» допты бақылауда ұстады, ал қарағандылық ұжым қарымта шабуылдан бақ іздеді. Бірақ «кеншілерге» ол нәтиже әкелген жоқ. «Қайраттың» қақпасына бірнеше шабуыл жасалған, «сары-қаралардың» қорғанысы сауатты ойнады.

Екінші голды 79-минутта команда капитаны Бауыржан Исламхан соқты. Батори алыстан соққы жасаған, жойқын ұшқан доп қақпаның ең бұрышына еніп кетті. Командалар бұдан кейін гол соққан жоқ. «Қайрат» «Орталық» стадионда сенімді жеңіске қол жеткізді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»