Кездесу барысында даңқты спортшымыз, тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін айтып, жетістікке жету жолындағы құпияларымен бөлісті.
«Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушілері де сұрақтарын ұялмай қойып, спортшымызбен түрлі тақырыпта ашық әңгімелесті.
Ольга Шишигина ханымның ақыл-кеңестері, бөліскен тәжірибесі клуб тәрбиеленушілерін тек алға ұмтылып, жеңімпаз атануларына өз үлесін тигізіп, жас спортшылардың жадында мәңгі сақталары анық.