«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қолдауларыңызға рақмет!
Қайрат

Қолдауларыңызға рақмет!

06 марта 2020
/ 12:00

«Орталық» стадионда жүздеген «сары-қаралардың» жанкүйерлерінің қатысуымен команданың ашық жаттығуы өтті.

Жаңбырлы ауа райына қарамастан, сүйікті команданың ашық жаттығуына «Қайрат» ФК-ның көптеген адал жанкүйерлері келді. Іс-шара басында клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі барлық жиналғандарға команданың бас жаттықтырушысы Алексей Шпилевский және «сары-қаралардың» жаңа капитаны Гафуржан Суюмбаев сөз сөйледі.

Ашық жаттығу кезінде «Орталықтың» ерекше дауысы Евгений Ожогин клубтың үздік волонтерлерін көпшілікке таныстырды, Kairat Blind Football Team жетістіктері туралы айтып берді, сенімді жанкүйерлерді «сары-қаралардың» медиа-командасымен жақынырақ таныстырды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін футболшылар «Орталық» трибунасына жиналғандарға алғысын білдіріп, қуана-қуана жанкүйерлермен бірге суретке түсті.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»